bkogov.kz Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
"№45 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
bkogov.kz
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
AA+
"№45 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Мектептің мекен-жайы – Орал қаласы, Жукова көшесі,19.  № 45 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі аралас тілінде оқытатын білім мекемесі.

Негізі 1916 жылы бастауыш мектебі болып ашылған,  негізгі ғимараты А - 1940 жылы, негізгі ғимараты А1 -  1954 жылы, негізгі ғимараты Б - 1963 жылы, негізгі ғимараты В - 1993 жылдары тұрғызылған.

1977 жылы 11сәуірдегі КСРО Министрлер Кеңесінің №282 қаулысы негізінде Қазақ темір жолы Орал станциясының №532 мектебі Батыс Қазақстан темір жолының қарамағына берілген. 1977 жылы 5 тамызда Батыс Қазақстан темір жолы басшысының №39 бұйрығы негізінде «Орал станциясының №532 орта мектебі» «Батыс Қазақстан темір жолы Орал станциясының №73 мектебі» болып өзгертілген.1998 жылы 13 сәуірдегі №13 бұйрық негізінде «Орал станциясының №73 орта мектебі» Орал станциясының «№21 мамандандырылған темір жол орта мектебіне (мектеп интернатымен)» өзгертілген. 2003 жылы 31 желтоқсанда БҚО әкімдігінің қаулысы негізінде №904 бұйрығымен Орал станциясының «№21 мамандандырылған темір жол орта мектебі (мектеп интернатымен)» «№45 орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген. 2004 жылы 15 сәуірдегі №106 БҚО әкімдігінің қаулысымен «№45 орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі «№45 орта жалпы білім беретін мектебі», ал 2016 жылы 21 қазандағы №3396 БҚО әкімдігінің қаулысы негізінде  «№45 орта жалпы білім беретін мектебі» «№45 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауына өзгертілді.

Мектеп директоры: Турегалиева Алима Зулпухаровна.

Мектеп 500 орындық. Мектеп ғимараты шартты түрде 4 блокқа бөлінген.

Кабинеттерінің саны – 15, оның ішінде физика, химия, биология, кабинеттерінің қосымша практикум және зертханалары бар.  Жаңа үлгідегі құралдармен жабдықталған биология кабинеті бар. Қазақ тілі, химия, биология, физика, мультимедия, информатика, өзін- өзі тану , түзету сыныбы  кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған.

Сонымен қатар, 2 спорт зал,  36 орынға арналған кітапхана, алғашқы әскери дайындық пәні кабинеті және мәжіліс залы бар. 200  оқушыға арналған асхана, 150 орынға арналған акт залы жабдықталған.

Психолог кабинеті,  әлеуметтік педагог және медициналық қызмет көрсететін  және шеберхана кабинеттері бар.

Барлық педагог саны -  65, оның 26-ы (40 %) жоғары және бірінші санатты.

Оқушы саны-644 ,( оның ішінде шағын орталық балалары-17, мектеп алды даярлық-89,1-11 сынып оқушылары-538).

Барлық мектеп бітіруші саны –17

Атауы Жүктеу
1
2/5