Бүгін мектебімізде «Бақытты балалық шақ!» атты мектепішілік «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп директоры А.Турегалиева балғын бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаса, ән айтылып, би билеп, ойындар ойнатылды. Шараға Орал қалалық мәслихаты №11 округінің депутаты Әйтімов Дамир Ақсерікұлы қатысып, бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, барлық қатысушыларға балмұздақ сыйлады.