«қазақ ұлттық киімін кию дәстүрін» енгізуге арналған жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында мектебімізде әр аптаның жұма күні «Ұлттық киім» күні деп белгіленді
9/6/2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты үшінші отырысында мемлекеттік және жекеменшік мекемелер мен ұйымдарда, меншік түріне қарамастан барлық сатыдағы білім беру мекемелерінде ұлттық нақышта киіну туралы ұсыныстар жолдады. Осыған орай, «қазақ ұлттық киімін кию дәстүрін» енгізуге арналған жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында мектебімізде әр аптаның жұма күні «Ұлттық киім» күні деп белгіленіп, білім ордасының барлық ұжымы, оқушылары белсенді қолдап, ұлттық құндылықты дәріптеуде. Ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ежелден келе жатқан киім үлгісін жас ұрпаққа өнеге етіп көрсету әр қазақтың міндеті.
Турегалиева Алима Зулпухаровна
Директор
Сіздерді өз тілектеріңізді, пікірлеріңізді қалдырып, соңғы оқиғалар туралы біле алатын блогыма қош келдіңіздер!